RU

Қостанайда шалшықтың үстіне асфальт төсегендер тұрғынның ашуына тиді (фото)

Қостанай тұрғыны Лермонтов көшесіндегі жаңа асфальтты тура жаңбырдан қалған шалшық судың үстіне салып тастағанын айтты деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: UGC
"Мемлекет қаржысына жасалатын жұмыстарды кім бақылауға алады өзі? Әлде бұл жол компанияларының тегін бонусына салынған жол ма?", - деген ер адам қайта жөндеу жұмыстарына көңілі толмайтынын жеткізді.
Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: UGC

Қостанай тұрғыны Лермонтов көшесіндегі дұрыс салынбаған жаңа жолдарды суретке түсіріп алған.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: UGC

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын "ҚазжолҒЗИ" АҚ-ның президенті Бағдат Телтаев қазақстандықтардан құрылыс саласындағы кемшіліктерді байқаса, айтуын өтінген болатын.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: UGC
"Жаңбырда асфальт төсеуге болмайды. Бұл ережені бұзу", - деген болатын Телтаев.

Сондай-ақ "ҚазжолҒЗИ" президенті мұндай жол салушыларды жазалау керектігін де айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762364-kostanajda-salsykty-stine-asfalt-tsegender-trgynny-asuyna-tidi-foto.html