RU
ШҚО-да мектеп қызметкерінің туберкулездің ашық түріне шалдыққаны анықталды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

ШҚО-да мектеп қызметкерінің туберкулездің ашық түріне шалдыққаны анықталды

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының Бобровка елді мекеніндегі мектеп қызметкерлерінің бірі туберкулезге шалдыққаны белгілі болды. Асханада жұмыс істеп жүрген тұрғынның ауруды жұқтырғаны жоспарлы дәрігерлік тексерістен кейін бір жарым айдан соң анықталған. Бұл туралы YK-news.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: park72.ru

Көрнекі фото: park72.ru

Мектеп қызметкері флюорография қазан айының басында түскенде оның денсаулығында бәрі қалыпты екенін ешқандай өзгерістің жоқтығын көрсеткен.

Алайда бір жарым айдан кейін әйел адамның жөтелі басталып, бірнеше апта бойы кетпей қойып, тіпті қызуы көтерілген.

Ол дәрігерлерге жүгінгенде ақ халаттылар қызметкерге "бронхтың өткір қабынуы" деген диагноз қойған.

Алайда бірнеше күннен кейін әйелді жедел жәрдем көлігі алып кетіп, облыстық аурухананың пульмонология бөліміне жеткізген. Ол жерде науқасқа керекті тексерістер жүргізіліп, дәрігерлер одан туберкулездің ашқы түрін анықтаған.

Қазір мектеп қызметкері облыстық клиникда профилактикалық ем қабылдап жатыр. Ал осыдан кейін барлық мектеп қызметкерлері мен оқушылардан керекті анализдер алынған. Нәтижесінде ешбірінен мұндай жайт тіркелмеген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel