RU
БАҚ: Сауда Арабиясында тағы бір журналисті азаптап өлтірді
Жаңалықтар Әлемде

БАҚ: Сауда Арабиясында тағы бір журналисті азаптап өлтірді

Рассказать Вконтакте

Сауд Арабиясында Турки бин Абдул Азиз әл-Джассер есімді журналист-жазушыны азаптап өлтірген деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: New Khaleej

Фото: New Khaleej

Өткен жылдың наурыз айында қамауға алынған Абдул Азиз түрмеде қаза тапқан.

Ол Twitter желісінде Kashkool парақшасын жасырын түрде жүргізіп, король әулеті мен басқа да шенеуніктердің адам құқығын бұзғаны жайлы ақпараттар таратып отырған.

Абдул Азиздің астыртын әрекетін тыңшылар Дубайдағы Twitter кеңсесінде әшкереледі. Дереккөздің мәліметінше, тыңшылардың ханзада кеңесшісі әл-Кахтанимен байланысы бар. Ол Стамбулдағы Сауд Арабиясы елшілігінде өлтірілген Джамал Хашкуджиге қатысты қылмыстық істің тергелуінде отставкаға кеткен болатын.

Еске салсақ, 59 жастағы журналист Джамал Хашкуджи 2 қазан күні Стамбулдағы Сауд Арабиясы елшілігінде азапталып өлтірілгенін болатын. Оның денесі елшілік маңындағы құдықтан табылған.

Түркия басшылығы Хашкуджидің көзін жою алдын ала жоспарланғанын және аса қатыгездікпен өлтірілгенін айтып отыр. Олардың мәліметінше, журналистің денесін бөлшектеп, қышқылмен күйдіріп тастаған.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel