RU
ШҚО-да колледждің 12 студентіне сабаққа қатыспаса да шәкіртақы төленіп келген
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да колледждің 12 студентіне сабаққа қатыспаса да шәкіртақы төленіп келген

Рассказать Вконтакте

ШҚО-ның Күршім колледжінде сабаққа қатыспай баға алған 12 студентке шәкіртақы төленіп келген деп хабарлайды Астана арнасы.

Фото: РИА Новости / Алексей Мальгавко

Фото: РИА Новости / Алексей Мальгавко

Бұл заң бұзу фактісі прокурорлық тексеру кезінде анықталған.

Қадағалаушы орган өндірістік сабақ шеберлері мен оқытушылар журналға өтірік баға қойып, оларды курстан курсқа көшіріп отырғанын мәлім етті.

Айта кететіні, 12 студент те мемлекеттік грант арқылы білім алған. Олар алдағы жылы колледжді тәмамдауы тиіс болыпты.

Алайда олардың мемлекетке сегіз млн теңге шығын келтірілгені есепке алынып, сотқа дейінгі тергеу басталған.

ШҚО прокуратурасы басқармасының прокуроры Лаура Түгелованың айтуынша, қазір облыстың барлық колледжінде тексеру жүргізілген. Нәтижесінде мемлекеттік білімге берілген тапсырысты орындау барысында 43 миллион теңге шығын анықталған.

Қазір аталмыш соманың жартысы мемлекетке қайтарылыпты.

Автор: А. Қуаш

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel