RU
Біртанов Ақтөбедегі жеті жасар қыздың өліміне кінәлілердің барлығын жазалауға уәде берді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Біртанов Ақтөбедегі жеті жасар қыздың өліміне кінәлілердің барлығын жазалауға уәде берді

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Ақтөбеде қайтыс болған жеті жасар қыздың өліміне кінәлі адамдардың барлығын жазалауға уәде берді деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: express-k.kz

Фото: express-k.kz

Министр қайғылы жағдай жөнінде парламентте журналистерден білгенін мәлімдеді. Оған қоса, Біртанов оқиғаға жауаптылар оған бұл ақпаратты жеткізбегенін айтты.

Еліміздің бас дәрігері бірінші сынып оқушысының өліміне кінәлілардың барлығын жазалап, тиісті шараларды қолдануға уәде етті. Шенеунік мұндай оқиғалар бірден тергеу амалдары үшін полицияға берілетінін жеткізді.

Айта кетейік, тәртіп сақшылары жеті жасар қыздың өліміне қатысты тергеу жұмыстарына бастап кеткен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде жеті жасар қыздың қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Балақай дәрігерлер келгенше көз жұмған. Оқиға орнына шақыртылған жедел жәрдем тек 49 минуттан кейін келгенін дәрігелер мойындаған еді.

Қайтыс болған балақайдың анасы дәл осылай екінші қызынан айрылып қалғанын айтады.

Айта кетейік кеше қайғылы оқиғаға қатысты денсаулық сақтау министрлігі де пікір білдірген еді.

Дереккөз: 31 арна

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
7
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel