Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалталы жігітке тұрмысқа шыққысы келетін қазақ қызын жұрт сынап тастады (видео)

Опубликовано:

Отандық бағдарламада қалаталы жігітке тұрмысқа шыққысы келетінін айтқан бойжеткен көпшіліктің ашуын тудырды. Ауқатты азаматтың әйелі болғысы келген ару желі оқырмандарының аяусыз сынына ұшыраған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Бойжеткен отбасын асырауға қауқарлы, қалталы жігітпен ғана жанұя құруға ниетті екенін жеткізді.

"Егер басы істейтін болса, өзінің жан-дүниесіне сенімді болса ол адам қалталы бола алады. Ол арманына жетеді, ол әркез ақша тауып бала-шағасын асырай алады. Мен сол себептен, өзіме қалталыға тұрмысқа шығамын деген мақсат қойдым" , - дейді ару.

Оған қоса, бойжеткен бүгінгі таңда қазақ қыздарының басым бөлігі тек бай жігіттің қалындығы болуды арман ететінін де айтады.

Арудың пікірімен көптеген желі оқырмандары келіспеген. Олар қалталы азаматтың әйелі атануға талпынған қызды аяусыз сөгіп тастады.

"Бәрінін ойлайтындары осы ақша, байлық, дүние-мүлік, алтын шуба, қымбат машина. Шынайы сезім болмаса, мұндай бақыттың қажеті шамалы", "Қалталы деп шыға беруге де болмайды ғой. Оның ақшасы оның қандай адам екенін көрсетпейді", "Бай жігіттер оның байлығына қызықпайтын қарапайым қыздарды іздейді", "Құдай сақтасын, мына сөздерді қазақ қызы айтып жатырма? Жағамды ұстадым. ұят жағдай" , - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1762384-kaltaly-zigitke-trmyska-sykkysy-keletin-kazak-kyzyn-zrt-synap-tastady-video/

pixel