RU
Денис Уланов екі жылдан соң Олимпиаданың қола жүлдесін иеленді
Жаңалықтар Спорт

Денис Уланов екі жылдан соң Олимпиаданың қола жүлдесін иеленді

Рассказать Вконтакте

Ауыр атлет Денис Уланов екі жылдан кейін өзіне тиесілі Рио олимпиадасының қола медалін алды. Бұл туралы ауыр атлетика Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

wfrk.kz

Фото:wfrk.kz

2016 жылғы Олимпиада ойындарында қазақстандық зілтемірші 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 390 келіні еңсерген Денис төртінші орын алған еді.

Алайда қола жүлдені еншілеген румындық ауыр атлет Габриэль Синкраянның допинг қолданғаны анықталып, ол жарыстарға қатысу құқығынан айырылып, нәтижелерінің күші жойылған.

Осылайша, қазақстандық спортшыға қола медаль бұйырған.

Айта кетейік, Денис Улановқа өзіне тиесілі медальді IWF президенті Тамаш Аян табыстады.

Салтанатты табыстау рәсімі кезінде сөз сөйлеген спортшы екі жылдан кейін қолына медалін алғанына қуанып тұрғанын, алайда оны олимпиада кезінде тұғырға шығып, Қазақстанды жеңісімен әлемге таныта алмағанына өкінетінін айтты.

Ашхабадтағы әлемдік чемпионатта Уланов В тобындағы 89 келіге дейінгі салмақта сыңға түсті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel