RU
Генуяның қақ ортасында Абайдың әнін шырқағандар жұртты тәнті етті (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Генуяның қақ ортасында Абайдың әнін шырқағандар жұртты тәнті етті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Италияның Генуя қаласының қақ ортасындағы Карло Феличе театрының алдында еліміздің ондаған өнерпазы ұлттық киіммен Абайдың "Айттым сәлем, Қаламқас" әнін орындады. Флешмоб италиялықтардың таңданысын туғызған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

Генуя тұрғындары мен қонақтары қазақстандық өнерпаздардың әніне ду қол шапалақтап, оны жарыса видеоға түсіріп жатты.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

Флешмобты қазақстандықтар кездейсоқ ұйымдастырған. Олар ән шырқап жатқанда, басқалары театр бағдарламасын көрермендерге таратып үлгеріпті.

"Бұл Астана Операның өнерпаздары ғой! "Абай", мына жерде не жазылғанын қарашы, Массимо", - дейді италиялық әйел жанындағы ер азаматқа.
Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

8 қараша күні тетар әртістері бұдан да көп халықты жинап өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Олар "Абай" операсын алғаш рет атақты Карло Феличе театрында қояды.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

Билеттер апта бұрын сатылып кеткеніне қарап, 2000 орындық зал халыққа лық толады деп күтілуде. "Абай" қойылымын барынша көп адам тамашалауы үшін оны әлемнің 40 елінде экран арқылы көрсететін болады.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

Осы қойылым үшін Астанадан Генуяға 380 адам арнайы келген. Оның ішінде әншілер, хор, балет, оркестр, миманс, костюмер, бет әрлеуші мен техникалық мамандар да бар.

Операның декорациясын Италияға жеті жүк көлігімен жеткізген.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

Әйгілі театр басшылығы Қазақстан операсына жоғары баға беріп, қойылым халықтың көңілінен шығады деген сенімде.

Фото: NUR.KZ - Алена Бутенко

Флешмоб соңында қазақстандық өнерпаздар елдің әнұранын тебірене шырқады. Қалың топқа жиналған әртістер арасында Сүндет Байғожин, Майра Мұхамедқызы, Нұрлан Бекмұхамбетовтер де бой көрсетті. Олар "Абай" операсындағы басты партияны орындайды.

Айта кетейік, симфониялық оркестрге - әйгілі композитор, Латиф Хамидимен бірге осы операны жазып шығарған Ахмет Жұбановтың шөбересі Алан Бөрібаев дирижерлық етеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel