RU
Үмітін үзбеген әжей 12 жыл комада жатқан ұлымен қайта қауышты (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Үмітін үзбеген әжей 12 жыл комада жатқан ұлымен қайта қауышты (фото)

Рассказать Вконтакте

Қытайда 2006 жылы жол апаты салдарынан комаға түскен ер азамат 12 жылдан соң оянды. Осы уақыт аралығында ұлына анасы баскөз болған. Бұл туралы Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

enigma-project.ru

Көрнекі фото: enigma-project.ru

Ван Шубао 2006 жылы жол апатына түсіп, комаға түскен. 36 жастағы ер адамның аяқ-қолы істемей қалған екен.

Оның 63 жастағы анасы Вэй Минъин ұлын үйіне әкеліп, үйінде қараған.

12 жылда әжей баласының еміне бар ақшасын жұмсап, қарызға да батқан. Тіпті, тамаққа ақшасы болмаған кезде бір ай бойы тек қара су ішкен күндері де болған екен.

Дегенмен үмітін үзбеген ананың еңбегі зая кетпепті, жақында Ван Шубао көзін ашып, тіпті, жымиып күліпті. Ұлы әзірге қозғалып немесе сөйлей алмаса да, қарт әжей ұлының сауығып кететіне сенімді.

"Төбем көкке жетті. Көп ұзамай ол аяғынан тік тұрып кетеді деп үміттенемін. Мен күресемін, берілмеймін", - дейді әжей.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
7
0
30
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel