RU
Ресейде дәрігерлер қателесіп науқастың сау аяғын кесіп тастады
Жаңалықтар Әлемде

Ресейде дәрігерлер қателесіп науқастың сау аяғын кесіп тастады

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Воронеж қаласында ақ халаттылар қателесіп, науқастың сау аяғын кесіп тастаған. Қазіргі уақытта тергеушілер бұл ақпаратты тексеріп жатыр деп хабаралайды Риа Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: positime.ru

Көрнекі фото: positime.ru

БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, тәжірибелі мұғалім Мария Дронованың оң аяғы шіри бастаған екен. Оған ұлы ота жасау қажеттігін айтып, ауруханаға апарыпты.

Дәрігерлер ота жасаған соң барлығы жақсы өткеніне сендірген. Алайда артынша анасын көрген ұлы оның сол аяғын кесіп тастағанын байқапты. Ал дәрігерлер науқастың екі аяғын да кесу қажет болғанын айтқан екен.

Мария Дронованың ұлы оң аяқты кесу жөніндегі құжаттың жоғалып кеткенін айтып, тергеу орындарына арыз жазған.

Қазіргі уақытта медициналық құжат алынып, сот- медициналық сараптама тағайындалған.

Енді оқиға куәгерлері мен медицина қызметкерлерінен жауап алынып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
6
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel