RU
БАҚ: Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарына словакиялық хоккейші пара берген
Жаңалықтар Қоғам

БАҚ: Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарына словакиялық хоккейші пара берген

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысы әкімінің ірі көлемде парамен ұсталған бірінші орынбасары Серік Аманғалиев туралы тың деректер пайда болды. "Время" басылымының хабарлауынша, шенеунікке "заңсыз сыйақыны" берген бұрынғы словакиялық хоккейші Ян Хован деп жазады NUR.KZ.

Фото: inaktau.kz/isport.ua. Коллаж NUR.KZ

Фото: inaktau.kz/isport.ua. Коллаж NUR.KZ

Осыдан бірнеше күн бұрын Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев Ақтаудың халықаралық әуежайында ірі көлемде парамен ұсталған болатын. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері бұрынғы словакиялық хоккейші Ян Хованның шенеунікке 115 мың еуро беріп тұрған жерінен қолға түсірген.

Қазақстанның "Ертіс", "Арлан" командаларында ойнаған шетелдік хоккейші соңғы кезде спорттық мансабын аяқтап, бизнеске бет бұрған болатын. Ол чехиялық салқындатқыш құрылғылар шығаратын компанияның құрылтайшысы болып, мұз айдынының жұмысына қажет техника шығарумен айналысқан.

Кейінірек Ян Хован Қазақстанға мұз сарайларын салатын инвестор ретінде оралды. Оның фирмасы ағымдағы жылы Ақтөбе қаласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ауқымды жобаны іске асырды. 3,8 миллиард теңге жұмсалған мұз сарайы қазан айында салтанатты түрде ашылған болатын.

Инвестор келесі жоспары бойынша Ақтау қаласында спорттық нысанды салу үшін қаржы құйып, жергілікті басшылықты да "қуантып қоюды" ойлаған болуы мүмкін. Сол себепті оның әкім орынбасарымен әуежайдағы кездесуі де тегін болмаған.

Енді Серік Аманғалиев пара алды деп, Ян Хован "заңсыз сыйақы" берді деп күдіктелуде. Құқық қорғаушылар қолына түскен инвестор кінәсін бірден мойындап, өкінетінін жеткізіпті.

Мақаланы көшіріп басу немесе пайдалану үшін "Время басылымы" ЖШС рұқсатын алу міндетті!

Сіздің реакцияңыз
4
3
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel