RU

Сотқа шақыртылған куәгер үш күннен кейін әжетханадан өлі күйінде табылды

Германияның Киль қаласындағы сот ғимаратының дәретханасынан 70 жастағы куәгердің денесі үш күннен кейін табылған. Бұл туралы Известия басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: rssspb.ru
Көрнекі фото: rssspb.ru: UGC

Зейнеткер аудандық сотқа 29 қазан дүйсенбі күні келген. Ол жалған көлік апаттарына қатысты қылмыстық іс бойынша куәлік етуге тиіс болған. Алайда айыпталушы да, куәгер де сот отырысына келмегендіктен, сот кейінге қалдырылған.

Сот төрешісі бірнеше рет зейнеткерге қоңырау шалған. Тіпті оның жоғалуына қатысты ешкім полицияға арызданбапты.

Ер адам мәйіті әжетханадан табылды. Ал оны үш күннен бері дәретхана есегінің ашылмағанына күмәнданған күзетші байқап қалған.

Сот медициналық сараптама нәтижесі ер адамның 29 қазан күні, жүрек талмасынан көз жұмғанын көрсеткен.

Жабық дәретхана есігі ешкімде күдік туғызбаған, себебі ол дәрітхана бұрын да су құбырының жарылуына байланысты жабылып отырған екен.

Бұл оқиғадан кейін дәретханалар тексерілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762413-sotka-sakyrtylgan-kuger-s-knnen-kejin-zethanadan-li-kjinde-tabyldy.html