RU

ШҚО-да қақаған суықта шыршаға су сепкендер жұртты таңырқатты

ШҚО-да қар жауғанына қарамастан, коммуналдық қызметкерлер Ертіс жағасына егілген шыршаларды суаруын әлі күнге жалғастыруда. Қазір тұрғындардың түсірген видеосы желіге тарап, қызу талқыға түскен деп хабарлайды 31 арна.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Биылғы жылы Ертіс жағасына 200-ден аса көшет отырғызылған.

Мамандардың айтуынша, күз айында отырғызылған көшеттерді үнемі суармаса, олардың өспей қалуы мүмкін екен.

Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімінің маманы Бауыржан Сүлейменовтің айтуынша, бұл жұмыстар көшеттің үсіп кетпеуі үшін орындалады екен.

"Жас шыбықтарды күз айында отырғызғандықтан, бұл жұмыстар күнде жүргізілуі керек", - дейді ТҮКШ маманы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762421-sko-da-kakagan-suykta-syrsaga-su-sepkender-zrtty-tayrkatty.html