RU
Қарағанды аруы атанған бойжеткен полицияны балағаттағаны үшін кешірім сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Қарағанды аруы атанған бойжеткен полицияны балағаттағаны үшін кешірім сұрады

Рассказать Вконтакте

"Қарағанды аруы-2015" атанған Рената Нұрғазина автокөлігінің фарасы өшіп тұрғаны үшін айыппұл төлеткен жол сақшыларына тіл тигізгеніне өкініп, кешірім сұрады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ, turkystan.kz/ Коллаж NUR.KZ

Фото: NUR.KZ, turkystan.kz/ Коллаж NUR.KZ

Нұрғазина тергеушінің "Билік өкіліне тіл тигізу" бабына сәйкес қозғалған қылмыстық істің тергеу жұмыстарын тоқтатқаны үшін алғысын білдірді.

"Мен жол-патрульдік полиция қызметкерлерін ренжіткенім үшін кешірім сұраймын. Мен бұл ауыр әрі маңызды мамандық өкілдерін құрметтеймін және олардың ар-намысын қорлауды көздеген жоқпын.
Тергеуге себепкер болған бейнежазбада мен балағат сөздер айтқан жоқпын. Ал ол сөздер желіде жасырын символмен жазылған. Мен полиция қызметкерлерінің азаматтық қоғам алдында сіңірген еңбегін құрметтеймін.
Ал тергеу жұмыстарының қорытындысы қандай болса да, мен оларды сыйлауды тоқтатпас едім", - деді Рената Нұрғазина.

Айта кетейік, жол сақшылары 8 наурыз күні Қарағанды аруына көлігінің өшіп тұрған фарасы үшін айыппұл төлеткен еді. Ол полицейлердің әрекетін желіге салып, астына жасырын символмен балағат сөз тіркеп қойған. Арудың бұл әрекетіне қатысты Михайловск полиция бөлімшесі қызметкерлері қылмыстық іс қозғаған болатын.

Алайда артынша полиция Қылмыстық кодекстің 378- бабына сәйкес қозғалған істің тергеу жұмыстарын тоқтату туралы шешім қабылдаған. Оның негізгі себебі-бұл жағдайдағы қылмыстық құқық бұзу әрекеттерінің жоқтығы болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel