RU
Өзбекстанда оқушы бала мектептегі қорлыққа шыдамай асылып қалған
Жаңалықтар Әлемде

Өзбекстанда оқушы бала мектептегі қорлыққа шыдамай асылып қалған

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның Бешкент қаласында сегізінші сынып оқушысы өз үйінде асылып қалған. Мирафзал Абдурашидовтің әкесі баласының мектепте көрген қорлығын жайып салды деп хабарлайды centralasian.org.

Фото:dpchas.com.ua

Фото:dpchas.com.ua

Джахангир Абдурашидовтің айтуынша, сынып жетекшісі ұлының бетіне оқушыларды мәжбүрлеп түкірткен. Ал бұл оқиғаға мектеп директорының орынбасары куә болған екен.

Мирафзал Абдурашидов өзіне қол жұмсамас бұрын екі күн бойы сабаққа бармай қойған.

Ал №63 орта мектептің директоры Дилором Турсунова қайтыс болған оқушысының жақындары айтқан сөзді жоққа шығарды.

"Ол екі күн бойы сабаққа келмеген. Мұғалімнен сұранып кеткені анықталды. Ал үйіне хабарласқан сынып жетекшісіне Мирафзалдың ата-анасы баласының ауырып жатқанын айтқан. Енді келіп мұғалімдерді айыптап отыр", - деп жауап қатты мектеп директоры.

Айта кетейік, сегізінші сынып оқушысының өлімінен соң оның сынып жетекшісі мен директордың орынбасары жұмыстан босатылған.

Бұл оқиғаға қатысты аудан басшысының жастар ісі жөніндегі орынбасары өзінің мүлде басқа ақпарат естігенін айтты.

"Менің естуімше, бала асылып өлмеген. Оның жүрегі ауырады деп естіген болатынмын", - деді әкімшілік қызметкері.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel