Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да қыз үшін төбелес шығарған жігіттер бірін-бірі өлтіре жаздады

Опубликовано:

Өскеменде бір қызды өзара бөлісе алмаған екі жігіттің жанжалы қанды төбелеске ұласқан. Текетірес нәтижесінде жеңіліп бара жатқанын аңғарған азамат қарсыласына пышақ сұғып алған деп хабарлайды Алтайньюске сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: altaynews.kz
Фото: altaynews.kz: UGC

№2 Өскемен қалалық сотының мәліметінше, оқиға Ворошилов көшесінің бойында орын алған.

27 жастағы жігіт түнгі сағат үш кезінде таныс бойжеткенге қайта-қайта қоңырау шалып, мазасын алыпты.

Ішімдікке сылқия тойған азамат арудың үйіне қонаққа барғысы келген. Алайда қыз оның бетін қайтарып тастайды.

Ашуға булыққан мас жігіт оған тағы да хабарласқанында тұтқаны белгісіз ер адам көтеріп, оған арудың мазасын алмауды талап етеді.

Нәтижесінде екі жігіттің өзара келіспеушілігі үлкен жанжалға ұласқан. Олар туындаған мәселені телефон арқылы емес, көзбе-көз шешуге бекінеді.

Қыз бетін қайтарып тастаған жігіт әлгі азаматпен кездесуге пышақ ала келген. Орын алған төбелес кезінде өзінің жеңіліп бара жатқанын сезген ол суық қаруды қолданады.

27 жастағы жігіт қыздың орнына тұтқаны көтерген азаматқа екі мәрте пышақ сұғып алған. Артық кетіп қалғанын ұққан ер адам бірден оқиға орнынан қашып кетеді.

Сотта ол өз кінәсін толығымен мойындап, тым қатаң жазаламауды өтінген. Жәбірленуші азамат та оны түрмеге отырғызбауды сұрады.

Оған қарамастан, сот 27 жастағы жігітке үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап отыр. Оған қоса, ол 50 мың теңге мөлшерінде өтемақы төлеуге міндеттелмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1762443-sko-da-kyz-sin-tbeles-sygargan-zigitter-birin-biri-ltire-zazdady/

pixel