Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық әнші Дәулет Болатов ауыр дертке шалдықты (фото)

Опубликовано:

Отандық әнші Дәулет Болатов ауыр дертке шалдықты. Өнер иесінің еміне 20 мың доллар көлемінде қаражат керек деп жазады NUR.KZ.

Әншінің өзі көпшіліктен көмек сұрағысы келмегенімен, оның тыңдармандары Дәулетке арнап көмек парақшасын ашқан.

Белгілі болғандай, Болатовтың мойын омыртқасында С5-6-7 дискісінің кифоз ауруы бар орталық грыжа шыққан. Қазір отандық әнші толық тексерілуі үшін (емін санамағанда) 11 мың доллар мен 20 мың доллар аралығында қаражат қажет екен.

Айта кетейік, Дәулет Болатов Тараз қаласында 1994 жылы 10 қараша күні дүниеге келген. Ол 2010 жылы Тараздағы қазақ-түрік лицейін тәмамдап, 2011 жылға дейін Guandong провинциясындағы “Jinan” уневерситетінде оқыды.

2011 жылы Ресейлік "Жұлдыздар Фабрикасы" жобасына қатысқан Дәулет Қазақстан, Ресей және АҚШ жұлдыздарымен бірге ән шырқап, ақтық мәреде жүлдегер атанған.

Сондай-ақ, ол 2012 жылы Баян Есентаеваның "Саз әлемі" атты жобасында "Жылдың үздік әні" номинациясын жеңіп алған.

2015 жылдың ақпан айынан бастап қазақстандық хитмен Қайрат Нұртаспен бірігіп, еліміздің барлық қалаларын аралап концерттік тур жасаған.

Дәулет Болатовқа көмек қолын созам деген демеушілерге:

Каспий банк: 5169 4931 4110 7725 Каз Ком-Халық банк: 4003 0327 2713 1445 KZ876017523000083060 Дәулет Болат ИИН: 941110300125 Qiwi: +77079929094

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1762459-otandyk-nsi-dulet-bolatov-auyr-dertke-saldykty-foto/

pixel