RU
Әйгілі Луиш Фигу қазақ баласының ерекше өнеріне тәнті болды
Жаңалықтар Спорт

Әйгілі Луиш Фигу қазақ баласының ерекше өнеріне тәнті болды

Рассказать Вконтакте

Әлемге танымал футболшы Луиш Фигу Алматыға келді. "Барселона" мен "Реал" сапында өнер көрсеткен португалиялық жұлдыз Қазақстанға "Қайрат" футбол клубының арнайы шақыртуымен ат басын бұрған деп жазады prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Қайраттың" шақыртуымен Алматыға УЕФА президенті Александр Чеферин де келген.

Жұлдызды меймандар алматылық клубтың бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаевпен бірге "Медеуге" барып қайтты.

Луиш Фигу қазақ баласының ерекше өнеріне аса тәнті болған. Атақты футболшы тіпті оның өнер көрсетіп жатқан сәтін өзінің Instagram парақшасына жүктеп қойған.

Айта кетейік, бұған дейін Орталық стадионның қоршауға алынғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз.

"Қайраттың" алаңын қарап шыққан соң, шетелдік меймандар Астанаға ат басын бұрмақ. Бүгін елордада Еуропа лигасы аясында "Астана" мен "Яблонец" командалары кездесетін болады.

Бұл Луиш Фигудің Алматыға алғашқы келуі емес. Бұған дейін, португалиялық жұлдыз әлем құрамасының "Қайрат" жұлдыздарына қарсы ойынға келген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel