RU

Егор Крид өзінің бұрынғы ғашығы Нюшаны ана атануымен құттықтады

Ресейлік әнші Егор Крид өзінің бұрынғы ғашығы Нюшаны ана атануымен құттықтады. Эстрада жұлдызының бұл видеосы Instagram әлеуметтік желісіне тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: popbio.ru
Фото: popbio.ru: UGC

6 қараша күні Нюша өз табынушыларына алғаш рет ана атанғанын жеткізген.

Ал бұл уақытта гастрольдік сапарда болған Егор Крид өз қойылымын тоқтатып, жас ананы сәбилі болуымен құттықтады.

"Менің өмірімде болған атаулы кезеңдердің бірі... Бүгін өте керемет сәт болды. Бүгін әнші Нюшаның сәбиі дүниеге келді. Сол үшін барлығымыз бірге қол соғайық! Мен бұл видео Нюшаға жетеді деп үміттенемін",- деді ресейлік орындаушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762471-egor-krid-zini-bryngy-gasygy-nusany-ana-atanuymen-kttyktady.html