RU
Талдықорғанда екі питбуль жеті жасар баланы талап өлтірген
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Талдықорғанда екі питбуль жеті жасар баланы талап өлтірген

Рассказать Вконтакте

Талдықорғанда саяжай күзететін екі питбуль 7 жастағы ұл баланы талап өлтірген деп хабарлайды Sputnik-Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

belnovosti.by

Көрнекі фото:belnovosti.by

Қайғылы оқиға 6 қараша күні Талдықорғанның саяжай алқабында орын алыпты. Ит талаған бала ауыр күйде ауруханаға жеткізілген.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өкінішке орай, дәрігерлер баланың өмірін құтқара алмапты. Бірнеше сағаттан кейін ол жан сақтау бөлімінде көз жұмған.

Тәртіп сақшылары иттің иесін анықтады. Ол 44 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Саяжайын күзету үшін ер адам 6-7 ит ұстаған, арасында питбульдер де бар екен.

Тергеушілердің нұсқасы бойынша, қожайындары үйде болмаған кезде иттер далаға шығып кетіп, қорғаусыз балаға тап берген.

"Қылмыстық кодекстің 104 бабы "Абайсызда кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Иттердің қожайыны анықталып, тергелді", - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің өкілдері.

Ер адам үш жылға дейін түрмеге отыруы мүмкін. Баланы талаған иттер ұсталып, ұйықтатып тасталды. Олардан сараптама өткізу үшін сынамалар алынды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
5
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel