RU
Жұмысшыларды тарақан жеп, зәр ішуге мәжбүрлегендер жаға ұстатты
Жаңалықтар Әлемде

Жұмысшыларды тарақан жеп, зәр ішуге мәжбүрлегендер жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Гуанджоу провинциясында сатылым жоспарын орындамаған қызметкерлерге зәр ішкізіп, тарақан жегізген компания менеджерлері түрмеге қамалды. Бұл туралы bbc сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

seykhuninfo.kz

Көрнекі фото:seykhuninfo.kz

Әлеуметтік желіде компания қызметкерлерін белдікпен сабап, сары түсті сұйықтықты ішуге мәжбүрлеген видео таралғаннан кейін бұл іске полиция араласқан.

Әлеуметтік желілерде таралған ақпарат бойынша, қызметкерлер тарақан жеуге мәжбүр болған екен.

Мұндай қорлық көрсеткен менеджерлер қысқа мерзімге, 5-10 тәулік аралығында түрмеге қамалған.

Weibo әлеуметтік желісінде тараған видеода ер адамның ортада тұрғаны көрінеді. Айнала қоршаған менеджерлер оны белдікпен сабап жатыр.

PEARVIDEO.COM

Фото:PEARVIDEO.COM

Сонымен қатар, дәл сол видеода компания қызметкерлерінің сары сұйықтық ішкені байқалады. Сұйықтықты ішкен кезде адамдар мұрындарын жапқан.

PEARVIDEO.COM

PEARVIDEO.COM

Әлеуметтік желіде менеджерлердің қоқан-лоққы көрсеткен хаттарының скриншоттары да тараған. Онда төмен өнімділік көрсеткен қызметкерлер тарақан жейтіндері жазылған екен.

Жергілікті баспасөз өкілдерінің хабарлауынша, менеджерлер қызметкерлерге әжетхананың суын және сірке су ішкізген. Жаза мұнымен шектелмей, оның үстіне шаштарын қырып тастаған екен.

Қызметкерлер үнсіз шыдауға мәжбүр болыпты. Себебі компания басшылығы бірнеше ай жалақыларын бермеген екен. Олар шағымданған жағдайда жалақысыз қаламыз деп қорыққан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
10
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel