RU
Ірі компания басшысының ұлы қыз зорлады деп айыпталуда
Жаңалықтар Әлемде

Ірі компания басшысының ұлы қыз зорлады деп айыпталуда

Рассказать Вконтакте

Ресейде ЛУКОЙЛ компаниясының вице-президенті Азат Шамсуаровтың ұлы Руслан Шамсуаров қыз зорлады деп айыпталуда. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: ca-news.org

Фото: ca-news.org

4 қараша күні Дорогомилово ауданының полиция бөлімшесіне 23 жастағы Верноника Максимова есімді азаматша барған.

Ростов-на Дону өңірінде тіркелген тұрғын 2 қараша күні Мәскеудегі Жеңіс алаңында өзін Руслан есімді танысы зорлағанын айтып, арызданыпты.

Дереккөздердің айтуынша, Максимова мәскеулік университеттердің бірінде психология мамандығы бойынша білім алуда.

Ал РенТВ мәліметінше, Шамсуаров төсек қатынасының ерікті түрде болғанын айтқан.

Русланның сөзінше, кейіннен ару қаржылық жағдайын айтып, ақша сұрапты. Ал аталған қаржыны ала алмаған соң бойжеткен полицияға арызданған көрінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
4
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel