RU

Путин елордадағы саммиттің ашылуында Назарбаевты құшақтады (фото)

Астанада ҰҚШҰ саммиті басталды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарабаев өз әріптестерін күтіп алды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Фото: Sputnik / Владислав Воднев: UGC

Елбасы саммитке келген қонақтарды өзі күтіп алды. Алғаш болып кездесуге Армения басшысы Никол Пашинян кірсе, одан кейін Беларусь президенті Александар Лукашенко, артынан Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон және Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен Ресей басшысы Владимир Путин кірді.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Фото: Sputnik / Владислав Воднев: UGC

Өз кезегінде Ресей басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жақындаған кезде жымиып қана қойған жоқ. Ол Қазақстан президентінің қолынан ұстап, құшағына қысты.

Артынша мемлекет басшылары бірге суретке түсті.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Фото: Sputnik / Владислав Воднев: UGC

Саммит аясында басшылар 20 келісімшартты қарастыратын болады. Одан бөлек, қатысушылар ұйымның бақылаушысы мен әріптесі мәртебесі туралы және ұйымның дағдарысқа қарсы әрекет ету орталығын іске қосу туралы шешім қабылдайды. Жиында ҰҚШҰ-ның бас хатшысының тағдыры шешілуі де мүмкін.

Айта кетейік, Владимир Путин Астанаға екі күнге ресми іс-сапармен келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762538-putin-elordadagy-sammitti-asyluynda-nazarbaevty-ksaktady-foto.html