RU
Калифорнияда жойқын атыс болып, 12 адам қаза тапты
Жаңалықтар Әлемде
BBC Русская Служба

Калифорнияда жойқын атыс болып, 12 адам қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Америкадағы Калифорния штатының полицейлері жойқын атыс болған Таусенд Оукс қаласына барды. Онда кем дегенде 12 адам қаза тапқан.

Фото: Комсомольская правда

Фото: Комсомольская правда

Қайғылы жағдай салдарынан қаза болғандар арасында полиция қызметкері дер. Оған қоса 10 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Атыс Borderline Bar and Grill барында кешкі 23:30-да басталыпты. Жан-жағындағыларға оқ жаудырған азамат бардың ішінде өлі күйінде табылды. Алдын ала мәлімет бойынша ол өз өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.

Қанды оқиға орын алған барда студенттер кеші болып, шамамен 200 адам көңіл көтеріп жүрген.

Қаза тапқан полицей 29 жыл әскери салада қызмет еткен сержант Рон Хелус екен. Ол жақында зейнетке шығуды жоспарлап жүріпті. Тәртіп сақшысы барға әріптесімен бірге кірмек болғанда, қаскөй оны атып тастаған.

Шабуылдаушы азамат барға қара киіммен келіп, он шақты рет оқ атқан. Содан кейін өзін де атып жіберген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
5
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel