RU
Қытай телеарнасының жаңалық жүргізушісі адам болмай шықты (видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қытай телеарнасының жаңалық жүргізушісі адам болмай шықты (видео)

Рассказать Вконтакте

"Синьхуа" ақпараттық агенттігі қытайлық Sogou интернет-компаниясымен бірге тележүргізуші қызметін атқаратын жасанды интеллекті таныстырды. Бұл туралы Iz.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: twitter.com/XHNews

Фото: twitter.com/XHNews

Бұл тұсаукесер Учжэнда интернетті басқаруға дүниежүзілік конференциясы аясында өтті.

Құрастырушылардың айтуынша, жасанды интеллект адамның мимикасын, сөйлеу мәнері мен дауысын, сондай-ақ, эмоцияларын сарапқа сала алады.

Телебағдарламаны дайындау үшін тірі жүргізші мен мәтінді қою қажет. Сонда голограмма нақты "бастапқы" үлгінің ерекшеліктерін көшіре отырып, ақпаратты ұсына алады.

Конференцияда Қытайда танымал тележүргізуші Цю Хаоның голографиялық "егізі" ұсынылды. Тұсаукесер кезінде виртуалды журналист жасанды интеллект жұмысының технологиясы мен құрылымы туралы айтып берді.

Идея авторларының сөзінше, санды тележүргізушілердің бір ерекшелігі 24 сағат, еш демалыссыз жұмыс істеуі болып табылады. Сондай-ақ, бағадарлама ешқандай қате жібермейді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel