RU
Танымал ресейлік тележүргізушінің күйеуін автобус қағып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Танымал ресейлік тележүргізушінің күйеуін автобус қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Ресейлік тележүргізуші, медицина ғылымдарының докторы Елен Малышеваның күйеуін автобус қағып кетті. Жол апаты 6 қараша күні Мәскеу қаласында болған деп хабарлайды cosmo.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Personastars

Фото: Personastars

59 жастағы Игорь Малышевтың миы шайқалып, түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен. Қазір азамат дәрігерлердің қарауында, Ал істің мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Елена бұл оқиға туралы әлі пікір білдірген жоқ.

Айта кетейік, Игорь Малышев те өмірін медицинаға арнаған азамат. Ол Мәскеу мемлекеттік медицина-стоматологиялық университеттің профессоры және молекулярлы биологияның маманы.

Елена мен Игорь 1987 жылы отбасын құрған. Олардың екі ұлы бар.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel