RU
Алматылық келіншектің денесінде отадан кейін темір қалып кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық келіншектің денесінде отадан кейін темір қалып кеткен

Рассказать Вконтакте

Алматыда жамбас сүйегіне ота жасатқан келіншек дәрігерлердің қателігіне шағымданып отыр. Қалалық ауруханалардың бірінде ұршық буынына жасалған операциядан соң науқастың сүйегінде темір қалып кеткен екен. Ал аурухана дәрігерлері бұл заттың денсаулыққа кері әсерін тигізбейтінін айтты деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Фото: Видеодан кадр/ Астана телеарнасы

Фото: Видеодан кадр/ Астана телеарнасы

Айсәулет Айқын өткен жылдың шілде айында қалалық ауруханалардың бірінде жамбас ұршығына арнайы табақша орнататын ота жасатады. Алайда операциядан кейін оның буындары сырқырап, жағдайы нашарлай бастаған.

"Мен өзім таң қалдым. Неге ауыра береді деп? Егер отаны менің жамбасыма жасаса, неге менің саным ауырады деп? Ауруханаға бара бердім. Бірақ, ешкім нақты жауап айтқан жоқ. Мен бірнеше рет ренгтгенге түстім. Соңғы түскенімде темірдің аяқ жағы көрінді", -деді Айсәулет.

Рентген кескіндемесі ол темірдің бұрғының басы екенін көрсеткен. Өз көзіне сенбеген Айсәулет адвокат жалдап, тәуелсіз сараптама жасатады. Нәтижесінде, болаттың ота кезінде сынып, сүйек ішінде қалып қойғанын біледі.

Фото: Видеодан кадр/ Астана телеарнасы

Фото: Видеодан кадр/ Астана телеарнасы

Ал аурухана дәрігерлері бұрғы пышағының сынуы 1000 адамда бір кездесетінін, оның адам денсаулығына кері әсері болмайтынын айтты.

Сондай-ақ, олар сотқа арыз түсірген Айсәулетті қабылдап, мәселені бейбіт жолмен шешкісі келетінін де жеткізген. Алайда, мамандар төрт сантиметр бұрғының қалдығын алып тастау мүмкін емес екенін айтуда. Жілік майын шашып, ішінен темірді алуға, тіпті, тәжірибелі травмотологтар да жүрексінеді екен.

Дереккөз: Астана телеарнасы. Ришат Асқарбекұлы

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
6
5
9
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel