RU
"Күйеу сатып аламын": Ақшаға шомылған қазақстандық ару жұрттан кеңес сұрады
Жаңалықтар Қоғам

"Күйеу сатып аламын": Ақшаға шомылған қазақстандық ару жұрттан кеңес сұрады

Рассказать Вконтакте

Отандық әншінің арбауына түсіп, тағдыры тас-талқан болған бойжеткен бүгінде қалталы арулардың қатарына іліккен. Қазір ол тек қана автокөлік пен үйді ғана емес, күйеуді де сатып алуға шамасы жететінін айтады. Алайда тек ақша үшін көңіл қосатын азаматты емес, өзіне лайықты жар тапқысы келген 29 жастағы бикеш жұрттан кеңес сұрады. Бұл туралы Алаш айнасына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Көрнекі фото: Алаш айнасы

Көрнекі фото: Алаш айнасы

Қазір күйеуді ақшаға алғысы келетін ару мектеп бітірген соң жоғары оқу орнын оқитын ақшасы болмағанын айтады. Бір жылдай үйде жатқан бойжеткен кейіннен 35 мың теңге жалақысы бар жұмысқа кіреді. Осылайша, бикеш құрылыс фирмасында хатшы болып жұмыс істеп жүріп, сол жаққа тұтынушы болып келген отандық әншімен танысады.

Эстрада жұлдызын ұнатып, көңіл қосқан ару оның ұрысы мен тепкісіне де шыдағанын жеткізген. Соған қарамастан ол жанұясы мен туыстарына тұрмысқа шығатынын айтып, құлағдар етіп қойыпты. Алайда уақыт өте сахна серкесі уәдесінен тайып, махаббаттан көзі байланған аруды тастап кете барған екен.

Бұл жаңалықты естіген бикештің әкесі қызын таяқ астына алып, үйден де қуып жіберіпті. Амалы қалмаған ару әр түрлі жерде жұмыс істеп, өз нәпақасын тауып жүрген екен.

Күндердің күнінде тырнақ күтімін, бет әрлеуді үйреніп алған нәзік жанды телеарнада бет әрлеушіге кастинг жарияланғанын естіп, өз бағын сынап көрмек болады. Жұлдызы жанып, жұмысқа кірген соң ол өз кәсібін ашып, жер-жерді аралап, сабақ үйрете бастайды.

Осылайша, ақшаның көзін тапқан ару отбасының тұрмыс жағдайына көмектесіп, өзі де автокөлік иесі атанады. Ол қазіргі күні де беделді адамдармен, жұлдыздырмен де араласатын көрінеді.

Алайда бойжеткен қазір өзіне тек қана күйеу қажет екендігін, әке-шешесі де соны қалайтынын айтады.

Енді ол ақшаға қызықпайтын, өзін шынайы жақсы көретін жанды жолықтырып, тұрмысқа шыққысы келеді екен. Ақырында ару "Күйеу сатып аламын" деген шешімге келіп отырған көрінеді. Бойжеткен осы мәселе турасында халықтан да кеңес сұрапты.

Сіздің реакцияңыз
7
7
4
1
2
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel