RU
Әблязов ісі: Банкирдің қаржылық айласы әшкере болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Әблязов ісі: Банкирдің қаржылық айласы әшкере болды

Рассказать Вконтакте

Мұхтар Әблязовке қатысты даулы сот ісі Тараз қаласында жалғасып жатыр. Бұл жолы төреші күдіктінің барлық қаржылық ісін біліп жүрген куәгерді тыңдады деп хабарлайды "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kaznet.me

Фото: kaznet.me

Сот алдына келген куәгер Лаура Тұрысбаева Әблязов туралы бар білетінін айтты. Ол 2000 жылы БТА банкінің еншілес компаниясы "ТұранӘлем Секьюритис" (ТАС) АҚ-да қызмет еткен.

Аталмыш компания БТА Банкі мен басқа да клиенттерге брокерлік қызмет көрсетуі тиіс болған.

Тәтішевтің өлімінен кейін Әблязов банк басшылығына келіп, онда өз адамдарын отырғыза бастайды.

Ержан Тәтішевтің кезінде банк акционерлері шын мәнінде бизнесі бар кәсіпкерлер болса, Әблязов келген соң ол құрам өзгеріп кеткен.

Банкир өзіне үлестес және офшорлық компаниялар ойластырып беретін арнайы УКБ №6 командасын құрып, кейінірек олар акционерлердің босаған орнын иемденеді.

Куәгер сөзінше, шын мәнінде бұл компаниялар тек қағаз жүзінде жұмыс істеген.

Әблязов осылайша акционерлік орындардың барлығын алып қана қоймай, Тәтішев мұраға қалдырған банктің негізгі үлесін жесір әйелден сатып алуды көздейді.

Мұхтар Әблязов өзі құрған офшорлық компаниялар арқылы банкке түсетін пайданы арттырып, сол қаржымен Тәтішевтің әйеліне қарызын өтейді.

Ақшаны аудару үшін банк 150,6 миллион долларлық құнды қағаздарды алғанын көрсететін арнайы құжат жасалған. Күйеуінен қалған үлес үшін Айтжанова дәл осы соманы қолға алыпты.

Сот отырысында Әблязов құрған фирмалардың барлығы аталды.

Қазіргі таңда Мұхтар Әблязовке қатысты қылмыстық іс материалы 15 томнан асқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel