RU
Ақтөбеде жасы алпысқа келген әжейлер жаппай төсіне ота жасап жатыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде жасы алпысқа келген әжейлер жаппай төсіне ота жасап жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталы Қазақстанға танымал хирург Ибрагим Браловпен эксклюзивті репортаж жасауға мүмкіндік алды. Білікті маман ота жасаудағы тәжірибесімен бөлісіп, алдына сұлулығын сақтау үшін 60 -тағы әжейлерге дейін келетінін айтты.

Ибрагим Бралов

Ибрагим Бралов

Дәрігер 60 жастағы әжелерді сұлулық үшін қорқынышын жеңе алған "келіншектер" қатарына жатқызып жүр.

"Мен 60 жастағыларды үлкен деп айта алмаймын. 60 жаста болғанымен 35 жастағы келіншектей көрінетіндер бар. Мен оларды қолдаймын. Өзін әдемі ұстау үшін мүмкіндіктерді неге пайдаланбасқа?! Әйелдерге өзіңді жақсы көріп, күтім жасауды ұмытпаңыз деп айтып отырамын. Әйел сұлулығы мен денсаулығын екінші орынға қоймау керек. Мен оларға сенімділік беремін", - дейді хирург Ибрагим Бралов.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Арнайы отамен төсін үлкейтетіндердің дені тұрмысқа шыққан әйелдер болып шықты. Сұлулық үшін алдына жан салмайтын келіншектер қыздарды шаң қаптыруда.

"Сүт безін үлкейтуге өтініш жасайтындардың дені 25-60 жас аралығындағы азаматшалар. Сүт бездеріне салынатын импланттардың түрі, мөлшері, көлемі де әртүрлі болады. Көтеріңкі, дөңгелек, сәл түсіп тұратын түрлері бар. Осы жылдың өзінде 30-дан аса әйел адамның омырауына имплант жасаған екенмін. Алғашында сенбі, жексенбі күндері ота жасайтын кездер болды. Кейін оны тоқтаттым. Сенбі, жексенбі күндері демаламын. Үш айда жүз адам келеді десем артық айтпаймын. Сұлулық үшін адамның пішінін қалыпқа келтіретін жылына 400-ге жуық ота жасалады. Күніге екі-үш отаны тұрақты жасап жүрміз", - дейді хирург.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Жеке медицинаға ауысқанға дейін жедел хирургияда 12 жылдан аса еңбек еткен тәжірибелі маман омырауға салынатын импланттардың қауіпсіз екенін айтып, сендіреді. Имплант салдырған келіншектер бала да емізе алады екен.

"Имплантқа сұраныс жоғары. Ол үшін бұрынғыдай шетел асудың керегі жоқ. Оның үстіне шетелде мұндай оталардың бағасы шарықтап тұр. Омырауды үлкейту оталары бар болғаны бір сағаттың ішінде жасалады. Біздегі импланттардың сапасы жоғары. "Онымен ұшаққа мінгізбейді, қатты қысуға болмайды екен" дегендер жай сандырақ. Қазір аптасына осындай бір-екі ота міндетті түрде жасалады", - деген Ибрагим Бралов сұраныстың көп екенін айтады.
"Олар адамның денесінде өмір бойы тұра береді. Бұл импланттармен жүктілікті өткізіп, бала емізуге де болады. Бірақ мен имплант орналастырғаннан кейін бір жыл ішінде жүктілікті жоспарламауға кеңес беремін. Себебі ағзада бейімделу жүреді. Бір жыл өткеннен кейін ойланбастан жүктілікті жоспарлай берсеңіз болады. Біз сүт безіне тиіспейміз. Оны бұлшық еттің астына орналастырамыз. Импланттың беті бұлшық етпен жабылып, сүт безінде өзгеріс болмайды. Босанбаған келіншектерді отаға алмаймын. Қыздарға бір рет те болса босануға кеңес беремін", - дейді хирург.

Дәрігердің бөлмесінде жасанды төстің әр түрлісі бар: Олардың арасынан тік көтеріліп тұратын дөңгелек, сопақша көлемдісін де табуға болады. Ал сәл түсіңкі тұратын түрі үлкен жастағы әйелдерге салынады екен.

Сіздің реакцияңыз
17
5
8
0
1
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel