RU
"Өмір сүру мүмкін емес": Қызылордада екі қабатты үйлерді су басып қалған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

"Өмір сүру мүмкін емес": Қызылордада екі қабатты үйлерді су басып қалған

Рассказать Вконтакте

Қызылорда қаласының Ешнияз Сал көшесіндегі 150 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйдің жертөлесі кәріз суына толып қалған. Тұрғындардың осындай жағдайда тұрып жатқандарына 4 жыл болған. Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

joinfo.ua

Көрнекі фото:joinfo.ua

Жертөлені басып қалған кәріз суының жағымсыз иісі жүрек айнытады. Осы көшедегі онға жуық үйдің жертөлесі осындай күйде.

Қалалық орталық кәріз суы осында ағып келетін көрінеді. Жазда терезе ашу мүмкін болмаса, қыста үйдің алды мұз айдынына айналады екен.

Астана арнасының видеосынан скриншот

Фото:Астана арнасының видеосынан скриншот

"Біздің үйіміз еңісте тұр. Қаланың орталық канализациясының суы біздің үйге келіп құйылады. Жертөлені су басып қалғанына 3-4 жыл болды. Кірпіштері судан езіліп, құлап жатыр. Бірінші қабатта тұру мүмкін емес", - деді үй тұрғыны Эльмира Телемісова.

Келіншек өткен қыста осындай мұзға тайып жығылып, аяғын сындырған екен. Сөйтіп 6 ай бойы жұмыссыз үйінде жатуға мәжбүр болыпты.

"Қандала қаптап кетті. Бір балам мүгедек, басқалары да шетінен ауырып жатыр. Жертөледегі судың сасық иісінен үйде отыру мүмкін емес. Үйге қонақ шақырудан қалдық", - деп мұңын шақты Анар Ботпаева.
Астана арнасының видеосынан скриншот

Фото:Астана арнасының видеосынан скриншот

Ал "Қызылорда су жүйесі" ММК басшысы Тілеуберген Қаныбетов мәселе үш аптада шешіледі деп мәлімдеді.

"Қазір құбырлар ауыстырылып жатыр. Жұмыстар 25 күннің ішінде аяқталуы тиіс. Сол кезде мәселенің бәрі шешіледі",- деді "Қызылорда су жүйесі" басшысы.

Құбырлардың ауыстырылуына "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында бюджеттен 157 млн теңге бөлінген екен. Осы қаражаттың арқасында бір жарым шақырым құбыр жүйесі ауыстырылады. Бұл үйлер терможаңғырту бағдарламасына қатысады екен. Алайда, әбден тозған үйді қайта жөндеу мәселені қаншалықты шешетіні белгісіз.

Дереккөз: Ш. Сақтапова

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel