RU

Ресейге ақша табу үшін барған қырғыз жігіті 11-ші қабаттан құлап өлді

Ресейдің Сестрорецк қаласында құрылыста жұмыс істеп жатқан Қырғызстан азаматы 11-ші қабаттан құлап, көз жұмды. Бұл туралы Kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: donday.ru
Көрнекі фото: donday.ru: UGC

Оқиға 7 қараша күні орын алған. Жұмысшының мәйіті төртінші қабаттан табылыпты. Марқұмның жасы 21-де болған.

Полицейлер азаматтың 11-ші қабатта еш сақтандырусыз жұмыс істегенін, артынша тепе-теңдік сақтай алмай, құлап кеткенін айтты.

Қазір бұл іске қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762637-resejge-aksa-tabu-sin-bargan-kyrgyz-zigiti-11-si-kabattan-klap-ldi.html