RU
Қостанайда суық күнде темір қоршауды жуған жұмысшылар жұрттың аянышын туғызды
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайда суық күнде темір қоршауды жуған жұмысшылар жұрттың аянышын туғызды

Рассказать Вконтакте

Қостанайда суық күнде жұмысшылар қолдарын суға малып, көшедегі темір қоршауларды жуып жүр. Оларға жаны ашыған қала тұрғыны бұл көріністі видеоға түсіріп, желіде жариялаған деп хабарлайды kstnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ксения Барабанова Қобыланды батыр көшесінде сары жилет киіп, қоршауды жуып жүрген жұмысшыларға жаны ашып кеткенін жасырмайды.

"Бір ғана сұрақ: Не үшін? Жаңбырлы, лайсаң, қара суық күнде", - дейді бейнежазба авторы.

Ақпарат БАҚ беттерінде тараған соң Қостанайдың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі жұмысшыларға мұндай тапсырма берілгенін растады. Нақтырақ айтқанда, қаланы көріктендіру үшін көше бойындағы қоршауларды тазарту керек болған. Алайда коммуналдық қызметкерлерге бұл жұмыс құрғақ әрі жылы күндері беріліпті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
2
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel