RU
Полиция жедел жәрдем жүргізушісін ұрған азаматты елден қууды талап етті
Жаңалықтар Қоғам

Полиция жедел жәрдем жүргізушісін ұрған азаматты елден қууды талап етті

Рассказать Вконтакте

Алматыда жедел жәрдем көлігі жүргізушісін ұрған Түркия азаматы Қазақстаннан қуылуы мүмкін. Бұл туралы қалалық полиция департаментінеің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Али Демир, Николай Кучма. Фото: time.kz, видеодан скриншот

Фото: Али Демир, Николай Кучма. Фото: time.kz, видеодан скриншот

2 қараша күні Алматы полициясы қалалық соттардың бірінен Түркия азаматын Қазақстаннан қуып жіберуді талап еткен.

Жедел жәрдем көлігіне келіп, оның жүргізушісін аямай ұрып тастаған Али Демир енді елімізден шығарылуы мүмкін.

Осыған дейін ол жол ережесін және көші-қон заңын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған болатын.

Ал жұртты шулатқан жағдайдан соң желі қолданушылары шетелдікті елден шығарып жіберуді талап еткен. Алайда полиция барлығын сот шешетінін жеткізген еді.

Демир өз кінәсін мойындап, кешірім сұрағанымен, жауапкершілікке тартылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel