RU
Ерболат Беделханның әйелінен ажырасып кеткені рас па? (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ерболат Беделханның әйелінен ажырасып кеткені рас па? (фото)

Рассказать Вконтакте

"91" тобының продюсері Ерболат Беделханның әйелінен ажырасып кетті деген қауесетке Асыл Беделхан жауап қайтарды. Анасының үйіне кетіп қалған Ерболаттың келіншегі тіпті тегін де өзгертіп жіберген деп хабарлайды "Если честно" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Төртінші баласын дүниеге алып келген әйеліне Ерболат Беделхан үйде отыру керектігін айтқан.

Алайда бұл сөзге келіспеген Асыл Беделхан (ред: Асыл Айдар) Juz Entertainment-тен кетіп, өзінің "Juzim" тобын құрған.

"Маған бұл шешімді қабылдау оңай болған жоқ. Juz Entertainment-ті жинап, құрамнан кететінімді айттым. Өз лейблімді құруды ойладым. Солай қыздардың алдына таңдау қойып, өзіммен ерген құраммен бөлек шықтым. Өйткені, маған төртінші қызымды босанғаннан кейін, Juz Entertainment-те жұмыс істеп кету қиынға соқты. Соңғы сөзді Ерболаттан күтіп отыратынбыз", - деді Асыл Айдар.

Сондай-ақ Асыл күйеуі Ерболаттың бұл іске қалай қарағанын да жасырмай айтып берді.

"Ерболат мұны ауыр қабылдады. "Мұның не? Біздің жоспарларымыз" деді. Ал мен күйеуімді жұбатып, мұның дұрыс шешім екенін айттым. Қазір мен өз тобыммен клип түсіріп те үлгердім", - деді Асыл.

Сондай-ақ Асыл Айдар күйеуінен ажырасты деген ел арасындағы қауесетке жауап берді.

"Біздің танысқанымызға 21 жыл болды. Ол жақсы күйеу. Керемет әке. Мен шығармашылық адам ретінде өзімді жоғалтып алғанда, анама кетіп қалдым. Ол кісі Стамбулда тұрады. Қырқынан шықпаған балама, анамнан артық көмектесетін адам жоқ. Сол уақытта желідегі барлық суреттерімді де өшірдім. Адамдардың неліктен бұлай ойлап жүргенін білмеймін.
Біз Ерболат екеуміз ешқашан ел алдында жаға жыртысқан емеспіз. Бірақ көпшіліктің мұны қалай біліп алғанына таң қаламын. Бізде қазір бәрі жақсы", - деді продюсердің жары.

Бағдарлама барысында Тимур Балымбетова "Ерболатқа тоқал алып беруге қалай қарайсың?" деп сұрайды.

"Оның тоқал алуына қарсымын, әрине. Ол ешқашан бұл тақырыпты қозғамаған. Ондай әңгіме болса, менен жақсылық күтпесін", - деп күлді Асыл Беделхан.

Айта кетейік, Отандық әншілердің туындыларын біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
3
1
4
0
0
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel