RU
Алапат өрттен АҚШ-та бір қала тұтасымен жоқ болып кетті (фото, видео)
Жаңалықтар Әлемде

Алапат өрттен АҚШ-та бір қала тұтасымен жоқ болып кетті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Калифорния штатында бейсенбі күні таңертең басталған орман өрті Парадайс қаласын түгін қалдырмады деп хабарлайды Риа Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

CBSSacramento

Фото:CBSSacramento

Жергілікті тілшілер Парадайс қаласындағы мыңнан аса үйдің күлі ғана қалғанын хабарлады.

Тұрғындар қаланың отқа оранғанын және бұл жантүршіктірер көрініс екенін айтып жатыр.

27 мың тұрғыны бар қаланың барлық тұрғыны эвакуацияланған.

Тұрғындардың көпшілігі көліктерін тастап, қаладан жаяу шыққан. Себебі барлық жолдарда көлік кептелісі орын алған.

Ал кептелісте қалған бір жүкті әйел көшеде босана бастаған. Екі қала тұрғыны әртүрлі күйіктермен ауруханаға жеткізілген.

Сонымен қатар, Бьютт округы да эвакуацияланып жатыр. 50 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
4
4
12
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel