RU

12 жасар қызды зорлаған үш дүркін олимпиада чемпионы жаға ұстатты

Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Феликс Савон Кубада 12 жасар қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы gazeta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Феликс Савон. Фото: anjagoder.com
Феликс Савон. Фото: anjagoder.com: UGC

Boxen1.com дереккөзінің мәліметінше, 51 жастағы спортшы 30 қыркүйектен бері қамауда отыр. Алайда басшылық оның қылмысы туралы ақпарат таратуға асықпайды.

Савон осыған дейін де ұқсас қылмыспен көзге түскен екен. Алайда жазадан оңай құтылып кеткен көрінеді.

Айта кетейік, Феликс Савон - Барселона, Атланта және Сиднейде өткен олимпиада ойындарында үш рет алтын медаль жеңіп алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762674-12-zasar-kyzdy-zorlagan-s-drkin-olimpiada-cempiony-zaga-statty.html