Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал рэпер Скриптонит туған ауылдың аты өзгертілуі мүмкін

Опубликовано:

Павлодар облысында танымал рэп орындаушысы Скриптонит дүниеге келген Ленинский ауылының атауы келесі жылы өзгертілуі мүмкін. Бұл туралы Павлодар-онлайн сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

uznayvse.ru
Фото:uznayvse.ru: UGC

Сонымен қатар, Кенжекөл мен Мойылды ауылдарының да атауы өзгертілуі мүмкін.

Елдімекендердің атауын өзгертуге өтініштер ономастикалық комиссияға өткізілген, бірақ бұл өтініштер тек 2019 жылы қарастырылмақ.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев ескі атаулардан бас тартып, еліміздің тарихи тұлғаларының аттарымен ауыстыруды ұсынған.

Осы орайда 150 адамнан тұратын тізім де ұсынылған болатын. Олардың арасныда Қаныш Сәтпаев, Жүсіпбек Аймауытов сынды тұлғалар бар. Тізім әлі де өңделеді.

Айта кетерлігі, Скриптонит Астана қаласында берген концерті кезінде Павлодар облысының жолдарының нашар екендігін алға тартқан болатын.

Скриптониттің шынайы есімі - Әділ Жалелов. Ол Павлодар облысының Ленинский ауылында 1990 жылы дүниеге келген. Ол 11 жасында рэппен әуестеніп, 15 жасында өлең жаза бастаған.

Ол 2014 жылы танымалдыққа ие болды, ал 2015 жылғы оның алғашқы әндер жинағы жылдың ең үздік орыс тілді рэп әндер жинағы деп бағаланған.

Скриптониттің әндерін MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1762693-tanymal-reper-skriptonit-tugan-auyldy-aty-zgertilui-mmkin/

pixel