RU
"Спортта жүру қауіпті": Әділбек Ниязымбетов бокстағы мансабын аяқтады
Жаңалықтар Спорт

"Спортта жүру қауіпті": Әділбек Ниязымбетов бокстағы мансабын аяқтады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов бокстағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Отандық спортшы денсаулығына байланысты былғары қолғапты шешуге мәжбүр болған деп жазады "Егемен Қазақстан" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kfb.kz

Фото: kfb.kz

"Биыл менің бокстағы кәсіби жолым тәмәм, мансабымды аяқтауға шешім қабылдадым. Артымыздан өсіп келе жатқан жастар да бар. Мен алмаған асуларды солар бағындырса деймін.

Біріншіден, 15 жыл бойы жаттығу деп үй бетін көрмейтін күйге жеттік. Үнемі түзде жүрдім десе де болады. Екіншіден денсаулығым сыр бере бастады.

Үздіксіз жаттығулар салдарынан белімде «грыжа» пайда болды. Ол Риодағы Олимпиада кезінде мені қатты қинаған. Оған қарамастан жаттығу жасай бердім.

Отбасым боксты 2012 жылы қоюымды сұрады. Алайда, мен спорттың адамымын. Бірден тастап кете алмадым.

Биыл көктемде федерация тарапынан бөлінген қаржымен Оңтүстік Кореяға ем алуға бардым. Мамандар маған бірден белімнің қазіргі ахуалымен спортта жүре беру аса қауіпті екенін ескерті. Бапкеріммен біраз ақылдасып, былғары қолғаппен қош айтысуға тура келді" , - деді Әділбек Ниязымбетов

29 жасында кәсіби мансабын аяқтаған боксшы алдағы уақытта шағын футболды дамыту бойынша жұмыстар атқарғысы келетінін айтты. Әділбек енді жұдырықтаспаса да, спорт саласынан алшақтап кетпейтінін жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
5
4
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel