RU
25 жастағы сұлулық патшайымы он үш жылға түрмеге қамалды
Жаңалықтар Әлемде

25 жастағы сұлулық патшайымы он үш жылға түрмеге қамалды

Рассказать Вконтакте

Түркияның 2016 жылғы "Еуразия патшайымы" атағының иесі 25 жастағы Сибел Демиралп жергілікті кәсіпкерді ұрлап, бопсалағаны үшін 13 жылға түрмеге қамалды. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

agrisoz.com

Фото:agrisoz.com

Бойжеткен кәсіпкермен интернет арқылы танысқан. Ол ер адамды таңғы ас ішуге пәтеріне шақырыпты.

Алайда ол жерге барған азаматты қыздың бес сыбайласы күтіп отырған. Олар қонақты соққыға жығып, шешіндіріп, жалаңаш күйде суретке түсіріп алады.

haberler.com

Фото:haberler.com

Жалаңаш суреттердің көмегімен қылмыскерлер кәсіпкерді бопсалап, мәжбүрлі түрде 240 мың түрік лирасын (шамамен 15 миллион теңге) өз есепшоттарына аудартқан.

Ер адам ақшаны аударғаннан кейін полицияға арызданыпты.

Сибел мен оның сыбайластарына "қысым көрсетіп, ақша бопсалау", "адам ұрлау" және "несие карталардың көмегімен алаяқтық жасау" деген айыптар тағылған.

mirror.co.uk

Фото:mirror.co.uk

Модель өз кінәсін мойындап, сот отырысы кезінде көз жасына ерік берген. Ол 13 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
3
2
0
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel