RU
Қасымов Денис Тенге қайтыс болғаннан кейін медаль тапсырды (фото)
Жаңалықтар Спорт

Қасымов Денис Тенге қайтыс болғаннан кейін медаль тапсырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Тенге "қоғамдық тәртіпті қорғауға үлес қосқаны" үшін қайтыс болғаннан кейін арнайы медальді тапсыру туралы бұйрыққа қол қойды. Марапат спортшының әкесіне табысталған деп жазады Sputnik Казахстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Сергей Ким

Фото: Sputnik / Сергей Ким

Медальді салтанатты түрде табыстау шарасы Алматы қаласындағы "Оңтүстік" әскери бөлімінің аумағында өтті.

Денисті әскери борышын үлгілі атқарғаны, қоғамдық тәртіпті қорғауда белсенділік танытқаны мен ержүректілігі үшін марапаттаған.

Ұлттық гвардия Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов Денис Теннің жедел қызметті Алматыда 2011-2012 жылдар аралығында өткізгенін айтты.

Сочидегі олимпиадаға дейін ол "кіші сержант" атағына ие болған. Ал қола жүлде жеңген соң, оның шені лейтенантқа дейін өсіпті.

Оған қоса, жас спортшы келісімшарт бойынша қызметте қалуға ниет білдіргені белгілі болды. Кейіннен оны Ұлттық гвардияның спорттық командасы сапына кіргізген.

Фото: НТВ

Фото: НТВ

Денистің әкесі Юрий Тен ұлына деген ыстық ықылас үшін өз алығысын білдірді. Ол спортшының жаттығуларды ешқашан тоқтатпағанын жеткізді.

"Халықтың оған деген үлкен махаббатын тек оның қазасы ғана көрсете алғаны өкінішті. Біз тіпті, күллі Қазақстан жылы лебіз танытады деп күтпедік." , - деді Юрий Тен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
5
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel