RU
Пайғамбарға арнап домбырамен ән салған Жігер Ауыпбаев елді сүйсінтті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Пайғамбарға арнап домбырамен ән салған Жігер Ауыпбаев елді сүйсінтті (видео)

Рассказать Вконтакте

Көпшілікті жұма күнімен сәйкес келген Мәуліт айымен құттықтаған Жігер Ауыпбаевқа тыңдармандары ризашылығын білдірді деп жазады NUR.KZ.

Әнші Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) дүниеге келген қасиетті айдың құрметіне "Пайғамбарға арнау" айтқан сәтімен желіде бөліскен.

"Қасиетті жұмада Жаратқан дұғаларыңыздың барлығын қабыл қылсын! Жұмамен қатар кірген екі дүниенің Сардары, адамзаттың Асылы болған ең соңғы, сүйікті пайғамбарымыз Мұxаммед Мұстафа с.ғ.с-ның дүниеге келген қасиетті Мәуліт айы құтты болсын", - деп жазды Ауыпбаев Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары "Дауысыңыз өте жағымды", "Алла разы болсын", "Дауысыңыз ұнайды", "Сізге риза болдым", "Жарайсыз", "Осы қалпыңыздан таймаңыз", "Алла қолдасын сізді", - деп пікір білдірді.

Айта кетейік, осыған дейін Жігер Ауыпбаев өзінің "Меломен" тобынан ренжіп кеткенін жайып салған болатын.

Алайда "Меломен" үштігі әншінің бұл сөзін жоққа шығарды.

Жігер Ауыпбаевтың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
1
2
3
28
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel