RU
Назарбаев Путинге: Біз көрші әрі туысқанбыз
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Путинге: Біз көрші әрі туысқанбыз

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынастың маңыздылығына тоқталды деп хабарлайды Today.kz.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

"Сізді өзіміздің жақын әріптесіміз, серіктесіміз әрі көршіміз ретінде ерекше қуанышпен қарсы аламыз. "Алыстағы ағайыннан жақындағы көршің артық" деген сөз бар. Сондықтан біз көрші әрі туысқанбыз", - деді Елбасы.

Назарбаев жылдар бойы ұйымдастырылып келе жатқан бұл форумның халықаралық қарым-қатынасты нығайтуға жақсы алаң ретінде танылып жатқанын айтты.

Екі ел арасында осы уақытқа дейін 200 келісімшартқа қол қойылған.

Еске салсақ, бүгін Петропавлда Қазақстан мен Ресей әріптестігінің XV форумы өтіп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel