RU
Лондонның бір бөлігі: Алматыда "Гайд паркі" пайда болды
Жаңалықтар Қоғам

Лондонның бір бөлігі: Алматыда "Гайд паркі" пайда болды

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Лондонның бұл бір бөлігі – қаланың ең көрікті жерлерінің бірі болмақ. Жаңа жобаның тұсаукесерінде BI Group компаниясы қонақтарды ескі мейірімді Англия дәуірінде қарсы алды. Айбынды гвардияшылар басты жаңалық - Алматының жаңа тұрғын үй кешенін талқылау үшін қонақтарды патшайымның сарайына шығарып салып тұрды.

Алматының өз «Гайд паркі» болады

Неге Hyde Park?

Бұл Лондонның аты аңызға айналған саябағының құрметіне қойылып отыр.

Алматыдағы Hyde Park-та қаланың ең таңдаулы жерінде орналасқан, қаланың жасыл белдеуінде, Тұңғыш Президент саябағына және «Жайлау» гольф-клубына жақын. Осы жерден Іле Алатауы мен Үлкен Алматы көлінің көркем шатқалы бірер қадам жерде.

Алматының өз «Гайд паркі» болады

BI Development Almaty дивизионының басшысы Айдос Мукатаев:

‒ Біздің компания үшін бұл Алматыдағы алғашқы премиум-класс жобасы. Осыған ұқсас үйді біз Астанада салдық: Париж, Милан және Британ кварталдары. Клиенттердің барлық идеялары мен тілектерін біз осы кешенде жүзеге асыруға бар күшімізді саламыз. Ол аз қабатты, айналасын жасыл желек қоршайды. Мен клиенттерімізді сатылымның басталуымен құттықтаймын! Бұл қайталанбас жоба және мұндай үй Алматыда әлі жоқ.

Алматының өз «Гайд паркі» болады

Жоба менеджері Ануар Махаев:

- Құрылыстың озық технологиялары мен экстерьердің талғампаздығын біріктіре отырып, біз заманауи, үш қабатты Hyde Park тұрғын үй кешенін тұрғызамыз. Жарты ғасырдан кейін де ол ескі мейірімді ағылшын классикасы сияқты беделді болып қалады. Мұнда өмір сүрудің өзі қызықты: фестивальдар, көпшілік серуен, қалалық мерекелер».

- Hyde Park екі кезектен, әр кезегі екі блоктан тұрады. Бірінші кезекте барлығы 52 пәтер:

2 бөлмелі ‒ 83-тен 100 ш. м дейін,

3 бөлмелі ‒ 139-тен 163 ш. м. дейін,

4 бөлмелі ‒ 164-ден 198 ш. м. дейін,

5 бөлмелі ‒ 191-дан 215 ш. м. дейін Сондай-ақ, бір қабатты жерасты паркингі қарастырылған.

Алматының өз «Гайд паркі» болады

Кешеннің бірінші қабаттарында еденнен төбеге дейінгі витражды терезелер орнатылады. Ал екінші және үшінші қабаттарда жарық мол түсу терезе алды тақтайының биіктігі 50 см болмақ.

Үй аулаларында серуендеу аллеясы, неоклассикалық стильдегі фонтан, балалар мен спорт алаңдары болады және лабиринт түріндегі жабын жасалады.

Алматының өз «Гайд паркі» болады

Үйдің тағы бір артықшылығы – «Ақылды үй» жүйесі. Әрбір пәтерде қолжетімді болатын негізгі функциялар – қозғалыс және судың ағып кетуінен қорғайтын датчиктер, үйді монитордан басқару және үйдің барлық аумағындағы бейнебақылау.

Hyde Park-тің алғашқы 5 клиенті сатылымның басталуы мен жобаны таныстыру құрметіне 7% тиімді жеңілдік алды, ал ең бірінші сатып алушы жаңа қонысқа алғашқы сыйлық - ағылшын шай сервизін алды. Жоба туралы толық ақпаратты компанияның Алматы, Астана, Атырау және Шымкент қалаларындағы сату орталықтарынан біле аласыз.

*PR құқында

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel