RU

Жолаушылар жүрек талмасына ұшыраған ер адамды өлімнен арашалап қалды

Стамбул қаласының Шириневлер метро аялдамасында ер адам жүрек талмасынан құлаған. Жедел жәрдем келгенше жолаушылар алғашқы көмек көрсеткен. Бұл туралы haberler сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарайды.

haberturk.com
Фото:haberturk.com: UGC

Оқиға 9 қараша күні таңғы сағат 9 шамасында Шириневлер метро аялдамасында орын алған.

Қоғамдық көлік күтіп тұрған ер адам кенет есінен танып, жерге құлап түсіпті.

Қасында тұрған жолаушылар оған дереу алғашқы көмек көрсете бастаған.

haberturk.com
Фото:haberturk.com: UGC

Азаматтың жүрегіне массаж жасалып, қолдан дем алдыру шаралары жасалған. Жедел жәрдем келгенше жолаушылар науқастың жанын арашалаумен болыпты

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері науқастың жағдайын аса ауыр деп бағалаған.

Ер адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762741-zolausylar-zrek-talmasyna-syragan-er-adamdy-limnen-arasalap-kaldy.html