RU

Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы айыпталушыдан ақша алмайтын болды

Жол-көлік апатынан көз жұмған Ескендір Сүлейменовтің жақындары материалдық шығын үшін 15 миллион теңге алудан бас тартты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: UGC

Сүлейменовтер қорғаушысының айтуынша, айыпталушы Малика Мұхитовадан 14 миллион 753 мың теңге материалдық шығын өндіру туралы арызды марқұмның отбасы қайтып алған. Енді ол талап қарастырылмайды екен.

Еске салсақ, 24 қазанда өткен сот отырысында Ескендір Сүлейменовтің жақындары айыпталушыдан барлық шығынды өтеуді талап ететіндерін жеткізген.

Онда өртенген мотоцикл құны, жерлеуге кеткен шығындар мен сотқа дейінгі тергеуге қатысу үшін жұмсалған қаражат 14 миллион 753 мың 190 теңге деп есептелген болатын.

Сондай-ақ, марқұмның анасы айыпталушыдан материалдық шығынды өтеуін неліктен талап еткенін түсіндіріп берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762762-eskendir-slejmenovti-ata-anasy-ajyptalusydan-aksa-almajtyn-boldy.html