RU
Денисті өлтіргендерді жақтаған мұғалім ұстаздық қызметін жалғастырмақшы
Жаңалықтар Қоғам

Денисті өлтіргендерді жақтаған мұғалім ұстаздық қызметін жалғастырмақшы

Рассказать Вконтакте

Белес ауылы орта мектебінің әкімшілігі Орал қаласының сотына Шерхан Байзеновке ұстаздық қызметін жалғастыруға рұқсат беруді сұрап, өтініш жіберді. Бұл туралы "Мой город" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

arnapress.kz

Фото: arnapress.kz

Зеленовский аудандық білім беру бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин сот үкімі шығарылғаннан кейін Орал қаласының қылмыстық сотына мектеп директоры өтініш жібергенін мәлімдеді.

"Мектеп әкімшілігі қылмыстық кодекстің 174 бабы "Әлеуметтік, ұлтаралық араздық тудыру" бойынша кінәлі деп танылған математика пәнінің мұғалімі Шерхан Байзенов ұстаздық қызметін жалғастыруына бола ма деген сұратым жіберді. Қазір жауап күтіп отырмыз", - деді Серік Сафиуллин.

Естеріңізге сала кетейік, Зеленовский ауданындағы Белес ауылының математика пәнінің мұғалімі 20 шілде күні Денис Теннің өлтіргендерді жақтап әлеуметтік желіде пост жазған болатын.

Кейін Шерхан Байзенов елден кешірім сұраған еді.

Ал 24 қазанда Орал қалалық қылмыстық соты Шерхан Байзеновке қатысты үкім шығарды. Ол 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel