RU

Шымкентте ВИЧ жұқтырған әйел егіз баланы өмірге әкелді

Шымкентте ВИЧ жұқтырған әйел егіз бала босанған. Мамандардың айтуынша, балалардың дені сау, жағдайлары жақсы деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Көрнекі фото: doverie.org
Көрнекі фото: doverie.org: UGC

Шымкент қалалық СПИД орталығы бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет Маширов берген мәліметке сүйенсек, биылғы жылы Түркістан облысы мен Шымкент қаласында жұқпалы дертке шалдыққан 44 әйел ана атаныпты. Тағы 13 науқас бала күтіп отыр екен.

Босанған науқастардың бірі егіз бала туған. Дәрігерлер барлық сәбилердің дені сау екенін және ВИЧ жұқтырмағанын айтуда.

Алайда олар есепке алынып, бір жарым жыл мамандар бақылауында болатын көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1762772-symkentte-vic-zktyrgan-jel-egiz-balany-mirge-keldi.html