Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда анасы сыртқа кеткен егіз балалар үй ішінде қамалып қалды

Опубликовано:

Атырауда егіз балаларын үйінде қалдырып, есікті құлттап кеткен әйел қайтып келгенде оны аша алмай қалған. Бұл туралы "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: mgorod.kz
Фото: mgorod.kz: UGC

Оқиға 8 қараша күні 13:00-де болған. Құтқарушылар мәліметінше, операторларға егіз балалардың үйде қамалып қалғаны туралы ақпарат келіп түскен.

"Егіз балалардың анасы оларды үйде қалдырып, өзі жұмыстарымен шығып кеткен. Ал қайтып келгенде оны аша алмай қалыпты. Кішкентайлар үшін қорыққан әйел құтқарушыларға хабарласады. Олар көмекке келіп жеткенде балалардың есікті ішінен құлттап қойғаны анықталды", - дейді баспасөз хатшысы.

Құтқарушылар арнайы құрылғылар арқылы темір есікті ашып кірген. Балалар аса қорықпаған және жағдайлары бірқалыпты болыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1762775-atyrauda-anasy-syrtka-ketken-egiz-balalar-j-isinde-kamalyp-kaldy/

pixel