RU
Шымкентте қорқытып пара алған лауазымды шендіге сот үкімі шықты
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте қорқытып пара алған лауазымды шендіге сот үкімі шықты

Рассказать Вконтакте

Шымкент əскери сотында бүгін Тараз қалалық қорғаныс істері басқармасының бұрынғы бөлім басшысына қатысты сот шешімі шықты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

ва тт

Көрнекі фото: www.sydneycriminallawyers.com.au

Экс-шенеунік 90 мың теңге параны қорқытып алғаны үшін сот алдында жауапкершілікке тартылған болатын.

Жауапкершілігі зор қызмет атқарған əскери шенеунік əскерге жарамсыздық билетін 90 мың теңгеге сатпақшы болған.

Құрықталған кезде экс-əскеридің қалтасынан қорқытып алған 30 мың теңге табылды.

Сот залында бұрынғы аға лейтенант кінəсін тек ішінара мойындайтынын айтқан болатын. Сотталушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 366 бабы, 3-ші бөлігі, 1 тармағы, яғни "қорқытып пара алу" бабымен айып тағылған еді.

Алайда əскерге жарамсыздық билетін беру сотталушының құзыретіне кірмегендіктен, ол Қылмыстық кодекстің 190 бабы, 3-ші бөлігі, 2 тармағы (алаяқтық) бойынша айыпты деп танылып, сот шешімімен өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді. Аға лейтенант əскери шенінен айырылды.

Құрықталған сəтте қалтасынан табылған 30 мың теңгенің еселік көрсеткіші 300 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы істі қараған Шымкент əскери сотының судьясы Жамиля Төленова мəлімдеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
2
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel